Пәкістанда христиандар тұратын ауданға шабуыл жасалды

Пешавар түбіндегі христиандар тұратын ауданда жүрген полицейлер. Пәкістан, 2 қыркүйек 2016 жыл.

Пәкістан билігі Пешавар түбінде қарулы топ христиандар басым тұратын ауданға шабуыл жасағанын мәлімдеді. Шабуыл жұма күні таңертең болған. Азаттықтың Пәкістан редакциясының хабарлауынша, бір тұрғын қаза тапқан.

Генерал-лейтенант Асим Баджваның Twitter-де мәлімдеуінше, шабуылға кем дегенде төрт жанкешті қатысқан. Қауіпсіздік күштерімен атыста төртеуінің де көзі жойылған.

Оқиға жергілікті әскери училище орналасқан ауданда болған.