Қытайда «Үлкен жиырмалық» саммиті ашылады

G20 саммиті өтетін Ханчжоу қаласында қонақүй жанынан өтіп бара жатқан қауіпсіздік қызметкері. Қытай, 2 қыркүйек 2016 жыл.

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті ашылады.

Саммит қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен толық форматты ынтымақтастықты қалпына келтіру жолдарын талқылаған.

АҚШ президенті Барак Обама мен Қытай президенті Си Цзиньпин киберқылмыспен күресті, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты толымды келісім бекіту жайын, адам құқықтары мәселелерін талқылаған.

Си Цзиньпин G20 саммитінің сәтті өтуіне және әлемдік экономика дамуына жаңа серпін беруге жауапкершілікті Қытай мен АҚШ бірге көтереді деп мәлімдеген.

Қытай президентімен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға жұмыс сапарымен келуге, сондай-ақ G-20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Си Цзиньпинге алғыс айтқан. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі басшы кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылаған.

Қытайдағы G20 саммиті екі күнге жалғасады.