Қазақстан құрамасы Польшамен тең түсті

Қазақстан футболшылары есепті теңестірген сәт. Астана. 4 қыркүйек 2016 жыл.

Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу жарысының тең нәтижемен бастады. Астанада өткен матчта Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан Польша құрамасымен тең түсті - 2:2.

9-минутта Польша құрамасы сапынан Бартон Капустка есеп ашса, 45-минутта Роберт Левандовски пенальтиден нәтижені еселеді. Ал екінші таймда Қазақстан құрамасы сапынан Сергей Хижниченко (51, 58 минуттарда) екі рет гол салып, есепті теңестірді.

Қазақстан құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Польша, Дания, Албания, Румыния, Черногориямен бір топта ойнайды. Әр топтың жеңімпазы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған құрама қосымша іріктеу жарысына қатысады.

Қазақстан 8-қазанда сырт алаңда Черногория құрамасымен кездеседі.