Әкімдік: Үлкен Алматы көлінде бөгеттер салуға 17 миллиард теңге керек

Үлкен Алматы көлі. Алматы, 30 тамыз 2016 жыл.

Алматы қалалық әкімдігі Үлкен Алматы көлінде жаңа екі бөгет салуға, бұрынғы бөгетті жаңалауға және тастың құлауына қарсы жұмыстар жүргізу үшін мемлекеттен 17 миллиард теңге сұрады. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, бұл туралы "Жер сілкінісі және оның Орталық Азиядағы қаупі туралы ғылым" деп аталатын ғылыми конференцияда Алматы әкімінің орынбасары Рамиль Тауфиков айтты.

Тауфиков Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің жоғарғы жағына екі бөгет құрылысының құжаттарын жасауға, Кіші Алматы бассейніндегі Мыңжылды өзенін қайта жасауға және Үлкен Алматы көлінің қауіпті бөліктеріндегі жартасты құламаларын берік етіп, темір бетоннан тіреулер жасауға ендігі 169 милилон теңге бөлінгенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл жұмыстарды үш жылда аяқтау жоспарланып отыр.

Былтыр шілдеде Алматыда таудағы еріген мұздық пен жаңбырдан жиналған судың көл табанын бұзып кетуінен Наурызбай ауданында тасқын болған. Тасқынға күннің қатты ысуынан таудағы Қарғалы мұздығының астындағы аты жоқ көлшік суының көбеюі себеп болған.