Клинтон Путинді мақтаған Трампты сынады

Хиллари Клинтон, АҚШ президенттігіне кандидат.

АҚШ президенттігіне демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон бәсекелесі - республикашыл партия кандидаты Дональд Трамптың америкалық әскерилерді айыптап, Ресей президенті Владимир Путинді мақтағанын сынады. Клинтон Нью-Йорк түбіндегі Уайт-Плейнс әуежайында өткізген баспасөз конференциясында "Трамп бас қолбасшы бола алатынын дәлелдей алмады" деді.

"Еліміздегі жоғары лауазымды қызмет атқарып жүрген немесе соған ұмтылатын әрбір республикашылдан "Дональдпен келісесіз бе?" деп сұрау керек" деді Клинтон.

Хиллари Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы болып тұрғанында электрондық почтаны қолданғаны және 2003 жылы сенатор болған кезінде Иракқа басып кіруді қолдап дауыс бергені үшін жиі сыналады.

Бұған дейін Дональд Трамп америкалық генералдар Обаманың тұсында "қоқысқа айналды" деп мәлімдеген. Трамп Путинді мақтап, президент Барак Обаманы жаратпайтынын тағы білдірген. Ол Путинді ресейліктердің 82 пайызы "қолдайтынын" айтқан.

"Еліне бақылауы жүріп тұрған адам. Бұл мүлде бөлек жүйе және ол маған ұнайды. Әрине, ол өзінің жүйесінде біздің президентке қарағанда әлдеқайда лидер саналады" деген Трамп Путин туралы.

АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашада өтеді.