АҚШ бомбалаушы ұшақтары Солтүстік Кореяға жақын ұшты

АҚШ-тың В-1B бомбалаушы ұшағы Осан әуе базасының үстінен ұшып барады. Оңтүстік Корея, 13 сентября 2016 года.

АҚШ-тың ядролық бомба тасымалдай алатын аса жылдам B-1B бомбалаушы ұшақтары Оңтүстік Корея аумағында - Солтүстік Корея шекарасынан 120 шақырым жердегі Осан әуе базасы үстінен ұшып өтті. Ол ұшақтарға америкалық және оңтүстіккореялық реактивті жойғыш ұшақтар ере жүрді.

Мұндай шаралар бұрындары да Корей түбегінде шиеленіс өршіген кездері пайдаланылған.

Солтүстік Корея өткен аптада бесінші рет ядролық сынақ өткізгенін хабарлаған. Бұл сынақ дәл қазір ең қуатты жарылыс саналады. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Пхеньянның сүңгуір қайықтардағы зымырандарға орнатылатын шағын ядролық оқтұмсықтарын дамыту жетістіктері АҚШ-қа қауіп төндіруі мүмкін.

Ядролық қаруы жоқ Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен жанжалда АҚШ-қа сенім артады. Вашингтон Корей түбегінің оңтүстігінде 28 мың әскер ұстап отыр. Солтүстік Корея АҚШ-тың бұл аймақтағы әрекетін жау пиғылға балайды.