БАҚ: Ресей "Протон" кешенін Қазақстанға бермек

Көрнекі сурет.

Ресей 2020 жылы "Протон" ракетасын ұшыратын кешенді Қазақстанға беруді жоспарлайды. Бұл туралы Қазақстан даму және инвестиция министрлігі аэроғарыш комитетіндегі дереккөзге сілтеме жасап, "Известия" басылымы хабарлаған.

Ал аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметі Азаттыққа "кешеннің Қазақстанға берілетіні туралы айту әлі ерте" деп жауап берді.

"Известия" басылымының жазуынша, Ресей кешенді "Бәйтерек" мекемесіне беруді жоспарлайды.

"Протонды" "Байтерек" алмастыратыны туралы немесе "Бәйтеректің" "Протонның" базасының ішінде болатыны туралы сөз болған жоқ" деді аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметі Әсет Нүркенов Азаттыққа.

2004 жылы Ресей мен Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ракетка ұшыру туралы келісімге қол қойған.