Қырғызстан астанасы Бішкекте ТМД елдері басшыларының саммиті басталды. Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері қатысып жатыр. Молдовадан - премьер-министр, Түркіменстаннан - вице-премьер, Өзбекстаннан - сыртқы істер министрі, Украинадан елдің Қырғызстандағы елшісі қатысып отыр.
Қырғызстан тарабы мәліметінше, жиынға келген елдер басшылары әуелі өзара, кейін кеңейтілген жиын өткізеді.
Бішкектегі жиында ТМД елдерінің 2017-2019 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы бағдарламасы ақпараттық технологиялармен жасалатын қылмыстардың алдын алу бағдарламаларының жобасы қаралады