Бұған дейін Алматыға этаппен жеткізілген жезқазғандық азаматтық белсенді Наталья Уласикті Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша тергеу абақтысында (СИ-18) мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптамадан өткізіп жатыр. Бұл туралы жұма күні Азаттыққа тергеу абақтысының қызметкері хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлер белсендіге сараптаманы Алматының шетіндегі «70-разъезд» деп аталатын ауданда орналасқан тергеу абақтысына барып өткізіп жүр.
Бұған дейін республикалық психиатриялық орталық өкілдері Азаттыққа бұған дейін осы мекемеде болған сот медициналық орталығы шілденің 1-інен қызметін тоқтатқанын хабарлаған. Наталья Уласиктің қызы Юлия қамауда отырған анасына Алматыда тұратын туысы азық-түлік апарып бергенін, бірақ оған тұтқынмен жолығуға рұқсат етпегенін хабарлады. Қызының сөзінше, Наталья Уласик СИ-18 тергеу абақтысында «транзиттік» тұтқын есебінде отыр, оны емдеу мекемесіне тапсыруы мүмкін.
Решение о прохождении Натальей Уласик психиатрической экспертизы было принято 4 мая судом города Балхаш на основании заявления местного жителя, который в частном порядке обвиняет ее в клевете. Наталья Уласик была арестована 22 августа в зале суда города Жезказган.
Наталья Уласикті психиатриялық сараптамадан өткізу туралы шешімді оның үстінен «жала жапты» деп сотқа жүгінген жергілікті тұрғынның өтініші негізінде Балқаш қалалық соты мамырдың 4-і күні қабылдаған. Ол тамыздың 22-сі күні Жезқазған сотында қамауға алынған.