Қазақстан паралимпиадада 58-орын алды

Қазақстан паралимпиада құрамасы Риода (Сурет Қазақстан паралимпиада комитетінен алынды).

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан бір алтын, бір күміс медальмен жалпы есепте 58-орын алды.

Ал 107 алтын, 81 күміс, 51 қола алған Қытай жалпы есепте бірінші орынды иеленді. 64 алтын алған Ұлыбритания мен 41 алтын иеленген Украина үздік үштікке енді. Өзбекстан 8 алтын, 6 күміс, 17 қоламен 16-орынды еншіледі.

Қазақстан құрамасы сапынан 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Зүлфия Ғабидуллина алтын, пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль алған.

Келесі паралимпиада ойындары 2020 жылы Токиода (Жапония) өтеді.