Британ министрі Сириядағы соғыстың жалғасуына Ресейді кінәлады

Қаза болған адамның денесін ұстап отырған ер адам. Алеппо, 23 қыркүйек 2016 жыл.

Ресей Сириядағы соғыстың жалғасуына кінәлі және гуманитарлық жүк апара жатқан халықаралық керуенді бомбалаған кезде әскери қылмыс жасаған болуы ықтимал деп мәлімдеді бүгін Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон ВВС-ге сұхбатында.

31 жүк көлігінен тұратын керуен қыркүйектің 19-ына қараған түні шабуылға ұшырап, салдарынан жиырмаға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. АҚШ өкілдері әуе шабуылы үшін ресейлік ұшақтар жауапты деп санайды, бірақ Мәскеу бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарады.

«[Ресей] бұл соғыстың созылып кетуіне кінәлі және барған сайын жиіркенішті жасап отыр» деген Джонсон жексенбілік «Эндрю Марра шоуы» телебағдарламасында.

Джонсон Алеппоға гуманитарлық жүк апара жатқандарды бомбалау оқиғасына бұл кінәсі жоқ азаматтық нысан екенін біле тұра әдейі жасалған шабуыл ма деген тұрғыдан баға беруіміз керек деген. «Егер солай болып шықса, онда бұл әскери қылмыс» деп мәлімдеген ол.