Сирия армиясы Алеппо маңында құрлықтағы операциясын бастады

Алеппо маңындағы Әл-Шаар ауданы. Сирия, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Сирия үкіметі әскері қоршауға алған Алеппо қаласын басып алу үшін құрлықтағы операциясын бастады. Қалада 250 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Сирия армиясы қаланың орталық бөлігіндегі бұған дейін көтерілісшілер бақылауында болған аудандардың біріне бақылау орнатты. Алеппо 2012 жылдан бері екі тараптың ықпал аймағына бөлінген. Мемлекеттік телеарна үкімет әскері Алеппоның әйгілі қамалына жақын ауданды басып алғанын, ал қаланың тарихи орталық бөлігінде ұрыс жалғасп жатқанын хабарлады.

Алеппода операция басталғаны туралы 22 қыркүйекте - АҚШ пен Ресейдің араағайындығымен жасалып, бір аптаға созылған бітім бұзылған соң хабарланған. Екі жақ та бітімді бұзды деп бір-бірін айыптайды. Содан бері Сирия мен Ресейдің әскери-әуе күштері Алеппо маңындағы аудандарды шығыс жағынан бомбалап жатыр.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, осы уақыт аралығында 200-ден астам адам қаза тапқан.