Қазақстандық "Астана" командасы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екінші матчын өз алаңында швейцариялық "Young Boys" (Янг Бойз) клубына қарсы өткізді. Астанадағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазір "Астана" Е тобында бір ұпаймен үшінші орында тұр.
"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчта Кипрде жергілікті АПОЭЛ командасымен ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп қалған.
Енді Қазақстан чемпионы Еуропа лигасындағы үшінші матчын 20 қазанда Грекияда "Олимпиакос" командасымен өткізеді.