Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Монреальда (Канада) өткен Autumn Classic International жарысында қола медаль алды.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 172,46 ұпай жинады. Алтынды америкалық Мираи Нагаси (189,11), күмісті канадалық Ален Шартран (186,11) иеленді.
Элизабет Тұрсынбаева былтыр Лиллехамерде (Норвегия) өткен жасөспірімдер олимпиадасында қола медаль алған. Ол енді 1-5 қарашада Мәскеуде өтетін әлемдік Гран-при кезеңіне қатысады