Бүгін Мәскеудің округтік әскери сотында ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысты сот тыңдауы басталады. Процесті сотталушылардың талабы бойынша алқа соты жүргізеді.
Іс бойынша бес адамға - Заур Дадаев, ағайынды Анзор мен Шадид Губашевтер, Хамзат Бахаев және Темирлан Эскерхановқа "ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында тапсырыс бойынша кісі өлтірді", "атыс қаруын заңсыз иеленді, сақтады және тасымалдады" деген айыптар тағылған. Олардың барлығы саясаткердің өліміне қатысы жоғын айтады.
Жәбірленуші тарап тергеушілердің Борис Немцовты өлтіру мен оның саяси және қоғамдық қызметі арасында байланыс бар деп танудан бас тартқанына наразы.
Сотталушылар қатарында кісі өліміне тапсырыс беріп, оны ұйымдастырды делінгендер жоқ. Бұл Немцовтың қызының адвокаттарына тергеуді дұрыс жүргізілмеді деуге мүмкіндік жасайды. Ал сотталушылардың адвокаттары осыған байланысты тергеу тобы жұмысының тыңғылықтығына күмәнданады.
Борис Немцовты 2015 жылы 28 ақпанда Мәскеудегі Большой Москворецкой көпірінде атып кеткен.