Ресей АҚШ-пен ядролық саладағы ынтымақтастық келісімін тоқтатты

Сергей Рябков, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ресей АҚШ-пен тағы бір келісім - ядролық және энергетикалық салалардағы ғылыми зерттеулерде ынтымақтастық орнату туралы келісімнен шықты. "Біз Ресейдің ядролық құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және модернизациялау сияқты маңызды салада Вашингтонға бұдан ары сене алмаймыз" деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрлігі. Ведомство келісімге АҚШ Ресейге салған санкцияларын алып тастағанда ғана қайта қосылатынын ескертті.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Рябков "Интерфакс" агенттігіне 2013 жылы жасалған бұл келісім "АҚШ Ресейге 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң санкция салып, ядролық саладағы мұндай ынтымақтастықтарды тоқтатқан "дұшпандық" әрекетіне" жауап ретінде тоқтатылғанын айтты.

"Ұпай толықтай америкалықтар жағында. Біз тек америкалықтардың 2014 жылы жасаған қадамдарын құқықтық жағынан тең еттік" деді Рябков.

3 қазанда Ресей АҚШ-пен жасаған плутоний қаруын жою туралы келісімді тоқтататынын хабарлаған. Бұл келісім қырғи-қабақ соғысы кезеңінен бергі АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының жақсару белгісі саналған.