Шешенстанда полиция шабуыл жасаған бірнеше адамды атып өлтірген

Көрнекі сурет.

Шешенстанның Гудермес ауданында полиция мен қарулы топ арасында болған шайқас барысында «бес-жеті» адам оққа ұшқан деп хабарлады ТАСС агенттігі. Ішкі істер министрлігінің төрт әскери қызметкері жараланып ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратқа қарағанда, полиция тексеру үшін тоқтатқан екі автокөлік жүргізушілері оларға оқ атқан. Қаза тапқандардың аты-жөні анықталып жатыр.

Жексенбіге қараған түні Шешенстанның Шали ауданында кісі қолынан қаза тапқан ұлттық гвардия жауынгерінің денесі табылғаны туралы бұған дейін аймақтағы құқық органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап «Интерфакс» хабарлаған. «Болған оқиғаның мән-жайы мен кімдердің оқ атқаны әзірше белгісіз» деген ол агенттікке.