Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңындағы тау көрінісі (Көрнекі сурет).

Бүгін Алматыдан оңтүстікке қарай 37 километр қашықтықта қуаты 3,3 магнитуданы құрайтын жер сілкінді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:53-те тіркелген.

Зілзала дүмпуі жердің 15 километр тереңдігінде болған. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түспеген.