Schiaparelli (Скиапарелли) зонды Марс ғаламшарына қонар кезде апатқа ұшырағанын АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) спутнигі түсірген суреттер растайды деп хабарлады жұма күні Еуропа ғарыш агенттігі (ESA). Оған дейін ғалымдар ғарыш аппараты ғаламшарға қонарда сәтсіздікке тап болған деген хабарды қуаттамаған.
Schiaparelli зонды Марс бетіне қазанның 19-ы күні қонуы тиіс еді, бірақ ғаламшарға қонуға 50 секунд қалғанда онымен байланыс үзілген. Еуропа ғарыш агенттігінің ғаламшарға болашақ миссияларының қонуына арналған технологияларын сынауы тиіс болған аппараттың қосалқы парашюті тым ерте ашылған деп хабарланды. Ғалымдар зондтың байланыс жоғалғанға дейін жіберіп үлгерген ақпараты зерттеу жұмыстарына үшін бағалы екенін айтады.
Бұған дейін Еуропа ғарыш агенттігі 2020 жылға жоспарланған келесі ғарыш миссиясы Марс бетімен жүруге арналған алғашқы еуропалық аппаратты ғаламшарға жеткізеді деп хабарлаған. Бірақ Schiaparelli зондының сәтсіздікке ұшырауы ESA-ның Марсты зерттеу жоспарына қалай әсер ететіні әзірше белгісіз.