Ауғанстанның орталығындағы Гор уәлаятының Фироз Кох қаласында 30-ға тарта бейбіт тұрғын содырлардың қолынан құрбан болды.
Ауған билігінің 26 қазанда хабарлауынша, шабуыл бірер күн бұрын "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы командирінің көзі жойылғанына кек алу мақсатында жасалған болуы мүмкін. Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алмады.
France Press агенттігінің Гор уәлаятының губернаторы Насир Хазехке сілтеме жасап хабарлауынша, содырлар арасында балалар да бар, бірақ көпшілігі бақташы 30-дай адамды 25 қазан күні кешке ұрлап алып кетіп, өлтіріп тастаған.
"Олардың жансыз денелерін жергілікті тұрғындар бүгін таңертең тапты" деген Насир Хазех.
Ауғанстанның Гор уәлаяты ИМ содырлары шоғырланған орталық саналады.