Әзербайжанда жас белсенді 10 жылға сотталды

Гияс Ибрагимов, әзербайжандық белсенді.

Әзербайжанда оппозицияшыл белсенді Гияс Ибрагимов 10 жылға сотталды. Баку соты жастардың демократияшыл NIDA тобының мүшесі, 21 жастағы Ибрагимовты "есірткі контрабандасымен айналысты" деп айыптады. Amnesty International (AI) халықаралық ұйымы белсендіге шыққан үкімді "ой-пікір еркіндігіне жасалған жантүршігерлік шабуыл" деп атады.

Amnesty International-дың Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Денис Кривошеев үкімді "әділ сотты карикатура жасау" деп мәлімдеді. Ибрагимов пен оның серігі Байрам Маммадов биыл мамырда Бакуде бұрынғы президент, қазіргі президент Ильхам Әлиевтің әкесі Гейдар Әлиевтің құрметіне орнатылған ескерткішке билікке қарсы граффити салып кеткені үшін ұсталған.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы Әзербайжан билігін Ибрагимовті дереу босатып, қамауда жатқан белсендіге қысым көрсетілуі мүмкін деген күдікке қатысты тергеу жүргізуге шақырды. Соңғы жылдары Әзербайжанда ондаған журналист пен белсенді билікті сынағаны үшін қысым көріп, қудаланып жатқанын мәлімдеген.