Иракта АЕР/АР тілшісі Расул Махмуд ауыр жараланды

Қолы мен мұрны сынып, көзіне зақым келген Расул Махмуд Мосулдан 24 шақырым жердегі Ирбил қаласында ауруханада жатыр. Ол минометтен атқылаған кезде жараланғанға ұқсайды. Дәрігерлер оның жанарын аман сақтап қалуға үміт аз екенін айтады.

Махмуд Расул Мосулды жихадшылардан қайтарып алу үшін әскери жорыққа шыққан күрдтердің «пешмерга» жасағымен бірге жүрген бірнеше журналистің арасында болған еді. «Пешмерга» жасағы Ирак армиясы және АҚШ бастаған халықаралық коалициямен бірге ИМ тобына қарсы күресіп жатыр.

Расул Махмуд түсірген фотосуретте исламшылар бақылауындағы Башик қаласын «пешмерга» сарбаздарының зымыранмен атқылап жатқаны бейнеленген.

Ирак армиясы мен «пешмерга» күштері Мосулға шабуылға шықты.

Расул Махмуд пен «пешмерга» сарбаздары Башик қаласында зымыран мен миномет соққысының астында қалған.

Башиктегі шайқас барысында «пешмерга» жасағынан ондаған сарбаз қаза тапқан, оған қоса үш журналист жараланған.

Расул Махмуд Башик қаласында жараланардан бірнеше сағат бұрын түсірген суреттердің бірі.

ИМ тобымен шайқасқа әзірленіп жатқан «пешмерга» сарбаздары.

Расул Махмуд "Азат Еуропа - Азаттық радиосы" үшін түсірген видео және фотоларды CNN мен USA Today сынды өзге ақпарат құралдары да пайдаланады.

Расул Махмудтың Фарда радиосы (Азат Еуропа - Азаттық радиосының Парсы қызметі) үшін репортаж дайындап тұрған сәті. Бірнеше күннен кейін ол ауыр жараланды.
 

Иракта майдан шебінен хабар дайындап жүрген Азат Еуропа - Азаттық радиосының тілшісі Расул Махмуд жараланды.