Керчь көпірі салынып жатыр ма?

Ұзындығы 19 километр болатын көпірді паром тасымалын тоқтатпау үшін Тұзлы аралы арқылы салу туралы шешім қабылданған.  

 

Жобалар арасында тоннель салу жоспары да болған, алайды Қара теңіздің ойлы-қырлы табаны оған мүмкіндік бермейді.  

Ғалымдар мен инженерлер Ресей билігінің көпір салу идеясын сынайды. Олардың пікірінше, осыншалық үлкен әрі ұзын көпірді сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақта салуға болмайды, болмашы қате үлкен шығынға ұрындыруы мүмкін.  

Алайда жоба авторлары мен орындаушылары "барлық нормативтерді ескерген жоба - 2018 жылы, ал оның пойыз жүретін бөлігінің жобасы 2019 жылы жасалып бітеді" дейді.  

Алдын ала жасалған есеп бойынша, Ресей Керчь көпірін 228 миллиард рубльге (3 миллиард 700 миллон доллар) салып шығуы мүмкін.

Алайда құрылысты іске асыратын компаниялар АҚШ санкцияларына іліккеннен кейін жобаны жылдамырақ салу жоспарын іске асуы қиындады.

Қазір «ғасыр құрылысы» туристер тамашалауға көп келетін аттракционға айналған.

Құрылыстың кейбір бөліктерін Керчь қамалынан көруге болады.