Түркияда оппозицияшыл басылым редакторы тұтқындалды

Cumhuriyet газетін оқып тұрған адам (Көрнекі сурет).

Түркия билігі оппозицияшыл Cumhuriyet газетінің бас редакторы Мұрат Сабунчуны тұтқындады деп хабарлады 31 қазанда түркиялық ақпарат құралдары.

Газет веб-сайтында Cumhuriyet-тің бас редакторы Мұрат Сабунчу мен басылым шолушысы Гурай Оздың үйлеріне жасалған рейдтерден соң қамауға алынғанын растады. Газет басшысы журналистің не үшін ұсталғаны әзірге белгісіз.

Бұл жағдай шілдеде іске аспаған сәтсіз төңкерістен кейін Түркия билігінің "АҚШ-та қашып жүрген діншіл Фетхуллах Гүленмен байланысы бар" күдіктілерді қуғындау науқаныаясында болып жатыр. Гүлен төңкеріске қатысы барын жоққа шығарады. Соңғы апталарда елде ондаған ақпарат құралы, оның ішінде күрд БАҚ-тары да жабылып жатыр.

Cumhuriyet-тің бұрынғы редакторы Кан Дундар Анкараның Сириядағы арнайы операциялары жайлы мемлекеттік құпияларды жариялағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Оның қамалуы бірқатар ақпараттық ұйымдар мен Батыс елдерінің президент Режеп Ердоған билігі тұсында Түркияда адам құқығы нашарлады деген сыңайда алаңдаушылық тудырды.