Қазақстан қор биржасында бүгін теңге бағамы әлсіреп, күндізгі сауда сессиясында бір АҚШ доллары 335 теңге 15 тиын болды. Таңертеңгі сессияда доллар 335 теңге 10 тиын болған. Өткен жұма - 28 қазан күнгі саудада доллар 333 теңге 62 тиын болған еді.
Биржа мәліметіне қарағанда, бүгінгі саудада 120,2 миллион доллар сатылған. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 335-336,5 теңге аралығында сатылып жатыр.
Теңге бағамы әдетте мұнай бағасы арзандаған кезде төмендейді. Бүгінгі биржадағы мәліметтер бойынша, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 50,41 долларды құрап тұр.