АҚШ сайлауында Трамп жеңіске жетуге шақ тұр

Дональд Трамптың жақтастары Нью-Йоркте оның сайлауда алға шыққанын атап өтіп жатыр. АҚШ, 8 қараша 2016 жыл.

АШ президенті сайлауында республикашыл кандидат Дональд Трамп Пенсильвания штатындағы жеңістен соң 264 дауыс жинады. Президент сайлауында жеңіске жету үшін 270 пайыз дауыс жинау қажет. Әлі 7 штатта дауыстарды санау жалғасып жатыр. Трамптың қарсыласы, демократ Хиллари Клинтон сайлаушылар алқасының 215 даусын жинады.

Сайлаушылар алқасында даусы көп Огайо, Флорида және Солтүстік Каролина шаттарындағы жеңістің арқасында Трамп Клинтоннан кәдімгідей алға озып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, Трамп Аляска штатындағы дауыс беруде алда тұр. Бұл штаттың сайлаушылар алқасында үш даусы бар.

Трамп Техас, Миссури сияқты штаттарда, Клинтон Нью-Йорк және Калифорния штаттарында жеңіске жеткен.

Сайлау қорытындысы Солтүстік Каролина, Мичиган, Висконсин, Нью-Гэмпшир штаттарындағы дауысты санау нәтижесіне байланысты. Бақылаушылар Клинтон сайлау қарсаңында қоғамдық сауалнама қорытындыларында алда тұрғанын, бірақ Трамп бірқатар штаттарда алдын ала болжанғаннан да көп дауыс жинағанын айтады.