Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Хиллари Клинтон, АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан сайлауға түскен кандидат.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат болған Хиллари Клинтон сайлауда жеңіліп қалғанына өкініш білдіріп, елдің жаңа басшысы, республикашыл Дональд Трамппен елдің мүддесі үшін ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Клинтон "ең жақсы, әлдеқайда күшті және әділетті Американы" құруға септігін тигізуді өзінің азаматтық парызы деп атады.

Нью-Йоркте сөйлеген Клинтон елдегі бөлініс өзі ойлағаннан әлдеқайда терең болғанын айтып, жақтастарына сайлауалды кампаниясында қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. "Мен Америкаға сенемін және алда да сене беремін" деді Клинтон.

АҚШ-та 8 қарашада өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп сайлаушылар алқасында 270-тен көп даусын жинап, АҚШ-тың 45-президенті болып сайланды.