Федерика Могерини демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могериниге демократияны дамытуға қосқан үлесі үшін Бонн халықаралық сыйлығы берілді. Еуропарламент төрағасы Мартин Шульцтің сөзінше, Могерини «Еуропа елдерін қиын кезеңде жақындата білген».

Могерини сыйлықтың ақшалай жүлдесін (10 мың еуро) Сирия босқындарына интеграциялық жәрдем көрсетуге берген. Бонн халықаралық сыйлығы 2009 жылы тағайындалған. Бұл сыйлықты алғашқы болып Чехияның тұңғыш президенті Вацлав Гавель алған елі.

Федерика Могерини Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі қызметіне 2014 жылы тағайындалған. Оған дейін ол Италия сыртқы істер министрі болып қызмет атқарған.