Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеті жұмысын қайта бастады

Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай тексеру-өткізу пункті, Жамбыл облысы.

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы "Қордай" тексеру-өткізу пункті аз уақыт кідірістен соң жұмысын қайта бастады. Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі тексеру-өткізу пункті 16 қарашада Қазақстан жағының құжаттарды тексеру жүйесінде туындаған ақаудан уақытша жабылғанын хабарлаған.

"Техникалық ақау болған шамамен жарты сағат уақытта 20 шақты көлік жиналып қалды" деген Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстанның шекара қызметінен.

Қазір ақау жойылып, шекара ашылған.