Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Дәулет Ерғожин Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерғожин бұл қызметте Қабдулкарим Абдиказимовты алмастырды. 37 жастағы Ерғожин 2008-2014 жылдары салық комитетінің төрағасы, қаржы вице-министрі, президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің жетекшісі болған. Ал 2014-2016 жылдары қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетін басқарған.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетін бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов басқарады.