22 қарашада аязға байланысты Қазақстанның бірнеше аймағында мектептегі сабақтар тоқтатылған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Астана, Павлодар мен Қарағандыда 1-4 сынып оқушылары мектепте бармады.
Ал ауа температурасы -37 градусқа жеткен Өскеменде 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 курстағы колледж студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Қостанай мен Көкшетауда сабақ тоқтатылған жоқ.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның барлық аймағында аяз күшейген. 20-21 қарашада ауа температурасы кей аймақтарда -30 градусқа дейін және одан да төмендеген. Қазір бірнеше облыста күннің аяздығынан қала аралық жолдар да жабылған.