АҚШ жаңа жыл мерекесі кезінде Еуропада теракт болу қаупі бар екенін ескертті.
Сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасаған АҚШ мемлекеттік департаменті "Ислам мемлекеті", "Ал-Каида" Еуропада теракт ұйымдастыруға ниетті деп мәлімдеп, америкалықтарды Еуропаға барған кезде сақ болуға шақырды.
Өткен демалыс күндері Франция полициясы терракт ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен жеті адамды қамауға алғанын хабарлаған.