Ресей Курил аралының жағалауына "Бал" және "Бастион" ракета комплекстерін орналастырды. Бұл туралы Тынық мұхит флотының "Боевая вахта" газетіне сілтеме жасап, "Интерфакс" агенттігі хабарлады.
Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің өкілдері Курил аралының жаңа ракеталық комплекстер орнатастыру жоспары туралы айтқан еді.
Ал биыл сәуірде әскери теңіз пехотасы бас штабының бұрынғы жетекшісі Виктор Кравченко Курил аралдарына "Бал" мен "Бастион" ракеталарын орналастыру шекара қауіпсіздігін нығайтады деген.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Совет әскері Жапонияға тиесілі Курил аралдарын басып алған еді. Осыдан кейін Ресей мен Жапония арасында Курил аралына қатысты дау ондаған жыл бойы шешілмей келеді. Осының салдарынан екі ел арасындағы соғыстың аяқталғанын білдіретін келісімге әлі күнге дейін қол қойылмай жоқ.