Алматы аумағында екі рет жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығының хабарлауынша, бүгін, 25 қарашада Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай екі рет жер сілкінісі тіркелген.

Сейсмологтардың мәліметінше, қуаттылығы 4,6 магнитуданы құрайтын бірінші дүмпу Астана уақыты бойынша сағат 08.53-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 270 километр қашықтықта болған. Дүмпу жердің 20 километр тереңдігінде болған.

Ал екінші дүмпу 08.55-те Алматыдан 269 километр қашықтықта тіркелген. Жер сілкінісінің қуаттылығы 4,4 магнитуданы құраған.

Алматы қаласында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгені туралы ақпарат жоқ.