АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында түнгі клубтағы өрт салдарынан, алдын ала деректер бойынша, тоғыз адам опат болған. Оннан аса адам хабарсыз кеткенге саналып отыр.
Полицияның мәліметінше, өрт жұма күні кешкісін түнгі клубта адамдар ойын-сауыққа жиналған кезде болған. Жергілікті баспасөз құралдары өрт шыққан кезде түнгі клубта бірнеше ондаған адам болған деп хабарлады.
Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.