Куба президенті Рауль Кастро марқұм ағасы Фидель Кастроның «Отан мен социализмді» қорғау ісін жалғастыруға уәде берді. Бұл туралы ол Сантьяго-де-Куба қаласындағы Антонио Масео атындағы алаңда өткен шеруде мәлімдеген. Желтоқсанның 4-і күні осында Куба төңкерісінің көсемі Фидеь Кастроны соңғы сапарға шығарып салады.
Сонымен бірге Рауль Кастро Кубада мекеме, көше, саябақтарға және өзге қоғамдық орындарға Фидель Кастроның есімі берілмейді деп мәлімдеген. Оның сөзінше, жеке басқа табынуды қаламаған марқұм ағасы осындай өсиет қалдырған деп хабарлайды France Presse.
90 жастағы Фидель Кастро қарашаның 25-і күні Куба астанасы Гаванада қайтыс болған соң қарашаның 26-сынан бастап Кубада тоғыз күн аза тұту жарияланған.