Қырым журналисіне "экстремизмге шақыру" айыбы тағылды

Николай Семена, Қырым журналисі.

Қырым журналисі Николай Семенаға экстремизмге шақырды деген айып тағылды деп хабарлады оның адвокаты Эмиль Курбединов Facebook-те. Семенаның өзге қорғаушысы Андрей Сабинин үш өталап-арыз бергенін хабарлады. Оның сөзінше, тергеуші талап-арызды оқымастан оларды қанағаттандырудан бас тартатынын айтқан.

Семенаға қатысты істі 19 сәуірде Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырымдағы басқармасы қозғаған. Оны Азаттықтың Қырым редакциясының "Крым.Реалии" сайтында жарияланған "Блокада - Қырымды азат етудегі алғашқы қадам" деп аталатын мақаласы үшін Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға жария түрде шақырды деп айыптайды.

Журналист қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр.

Семенаның ісі құпия деп танылған, тергеу барысы туралы толық ақпарат жоқ. Дегенмен, адвокаттардың сөзінше, қазір істе айыпқа дәлел ретінде мақала мәтініне жасалған лингвистикалық сараптама ғана танылып отыр.

Николай Семена өзіне тағылған айыпты мойындамайды.