Мұнай өндірісі көлемін қысқарту туралы ғаламдық келісім жасалды

Каспий теңізінің Қазақстан жақ бөлігіндегі Қашаған кенішіндегі жасанды аралдар. 7 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Австрия астанасы Венада сенбі күні өткен жиында мұнай өндіруші елдер ұйымы (OPEC) мен халықаралық картельге мүше емес мұнай өндіруші елдер 2017 жылдан бастап шикізат өндіру көлемін қысқарту туралы ғаламдық келісімге қол қойды. Мұндай келісімге соңғы 15 жылда алғаш рет қол қойылып отыр.

Келісімге сәйкес, алдағы жылдан бастап Ресей күнделікті өндірілетін мұнай көлемін 300 мың баррельге, 0 тысяч баррелей, Мексика - 100 мың, Әзербайжан - 35 мың, Оман - 40 мың және Қазақстан - 20 мың баррельге азайтуға келісті.

Бұған қоса келісімнің орындалуын қадағалайтын комитет құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына OPEC ұйымынан Алжир, Кувейт және Венесуэла, ал картельге мүше емес елдерден – Ресей және Оман енді.

Осыдан екі апта бұрын OPEC соңғы 8 жылда алғаш рет тәуліктік мұнай өндірісі көлемін 1 миллион 200 мың баррельге қысқартатыны туралы жариялаған.

Соңғы екі жылдан астам уақыт әлемде мұнай бағасының төмен болуы көптеген елдердің бюджетіне кері әсер етті. Кейбір жағдайларда ол әлеуметтік наразылықтың күшеюіне себеп болды.