Латвияның шанамен сырғанаушылар (скелетон) құрамасы Ресейдегі допинг дауының күшейе түсуіне байланысты Ресейде өтетін әлем біріншілігіне қатысудан бас тартпақ ниетте. Бобслей мен скелетоннан әлем біріншілігі ақпан айында Сочиде өтпек. Әлем біріншілігі Ресейде өтсе, оған қатысудан бас тартпақ спортшылар саны артып келеді. Жарыстың Ресейде өтуіне қарсы спортшылар арасында АҚШ пен Ұлыбританиядан шыққан олимпиада чемпиондары да бар.
Латвия құрамасының жарысқа қатыспау туралы шешімінен екі күн бұрын Халықаралық бобслей мен скелетон федерациясы Ресейдегі допинг бағдарламасы туралы жаңа есептің жариялануына қатысты "жедел және батыл" әрекет жасайтынын мәлімдеген. Баяндама авторы, канадалық заңгер Ричард МакЛарен 2014 жылы Сочидегі Қысқы олимпиадада жүлде алған ресейлік 15 спортшының, оның ішінде екі олипиада чемпиондарының сынамаларын әдейі ауыстырып жібергенін мәлімдеген. Ресей елде допингке мемлекеттік деңгейде қолдау көрсететін бағдарлама барын жоққа шығарады.