Алматыда Қазақстан тәуелсіздігі туралы заңға арналған ескерткіш тақта ашылды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Ескерткіш тақта бұрынғы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі орналасқан, қазіргі Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратына орнатылды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" заң 1991 жылы 16 желтоқсанда осы ғимаратта қабылданған.
Тақтаның ашылуына тарихи құжаттың қабылдануына куә болған Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қла тұрғындары қатысқан.