Түркия: әлеуметтік желідегі жазбасы үшін мыңдаған адам ұсталды

Көрнекі сурет

2016 жылдың жазынан бері 1656 адам әлеуметтік жазбалары үшін ұсталған. Олардың көбі өз жазбалары арқылы "террористік топтарды қолдады, қазіргі билікті сынады" деп айыпталған.

Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады. Министрлік әлеуметтік желідегі жазбаларына байланысты кем дегенде 10 мың адамға қатысты тергеу және тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Ал 1203 адамға тағылған айып алынған.

Биыл шілдеде Түркияда болған мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті басып алу әрекетінен кейін елде 36 мыңға тарта адамды қамалып, мемлекеттік органдар, білім беру орындарынан 100 мыңға тарта адамды жұмыстан шығарылған.Бүліктен 240-қа тарта адам қаза тапқан. Түркия президенті Режеп Ердоған төңкеріс жасау әрекетіне АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүленді айыптайды. Бірақ Гүлен өзіне тағылған айыпты мойындамайды.