Сербия Республикасының президенті Милорад Додик АҚШ-тың Босния және Герцеговинадағы елшілігі өзінің дипломатиялық виза беру туралы өтінішінен бас тартқанын мәлімдеді. Додик визаны АҚШ-тың шақыртуымен жаңа президент Дональд Трамптың инаугурациясына бару үшін сұраған.
Сербияның мемлекеттік телеарнасына (РТРС) берген сұхбатында Додик елшілік оған инаугурацияға Босния және Герцеговинаның өкілі ретінде бармайтынын себеп қылып бас тартқанын айтқан. Босниялық сербтердің жетекшісі инаугурацияға Трамптың жанындағы серіктері шақырғанын айтқан.
Додик өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Хойт Йимен телефонмен сөйлескені туралы тарқатып айтып берген. Хойт Йи одан "сепаратистік партиясының ресейшіл саясатты ұстанудан бас тартуын" әрі "Босния және Герцеговинаның айыптауына жауап беруді" сұраған.
Додик Йидің комментариін "АҚШ-тың Босния және Герцеговинадағы елшісі Морин Кормак ойдан құрап берген бос мылжың" деп атады. Оның сөзінше, телефонмен сөйлескенде Морин Кормак та болған.
РТРС Йи "Додикті Босния және Герцеговинаның Еуропа Одағына кіруіне кедергі келтіріп отыр деп айыптағанын" хабарлады.