"Ойынханаға қамқорлық жасаған" күдікті шенеунік ұсталды

Көрнекі сурет.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті басқармасының қызметкері коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, комитеттің өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р. Жұмабаев ойынханалар бизнесіне "қамқорлық жасады" деген күдікке ілінген. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысы бойынша департаменті Жұмабаевпен бірге оның ұлын да ұстаған.

Күдікті ұлы арқылы Қапшағай қаласындағы ойынханалардың бірінің өкілінен "бес мың доллар пара алу кезінде" ұсталған. Ұсталғандар Іле аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына жабылған.