Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Қытайдың Бішкектегі елшілігіне жасалған шабуылды ұйымдастырған деген күдіктілер Стамбулда жасырынып жүрген болуы мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Ибрагим Жүнісов Қытайдың Түркиядағы елшісі Хонянг Юмен кездесуінде мәлімдеді деп хабарлады Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қытай жағының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуде тараптар Түркиядағы қазіргі жағдайды және елде соңғы кезде жасалған терактілерді талқылаған.
Тараптар сонымен қатар Түркияның 2016 жылы 30 тамызда Қытайдың Бішкектегі елшілігіне жасалған шабуылды ұйымдастырды деген күдіктілерді ұстау бойынша жасап жатқан шаралары бойынша да пікір алмасқан. Шабуыл кезінде жанкешті Қытай елшілігінің қақпасын көлікпен соғып, өзін-өзі жарып жіберген. Жанкештінің өзі мерт болып, үш адам жараланған.