Түркиялық БАҚ: Стамбулдағы шабуылға күдікті ұсталды

Стамбулдағы түнгі клубқа шабуыл жасады деген күдікті. 16 қаңтар 2017 жыл

Стамбулда жаңа жыл жыл түні түнгі клубта 39 адамды өлтірді деген күдікті қаланың Эсенюрт ауданында ұсталды деп хабарлады түркиялық ақпарат құралдары.

Түркия билігі бұған дейін күдіктінің кім екені белгілі болғанын мәлімдеген. Жергілікті ақпарат құралдары ол адамның Орталық Азиядан шыққанын хабарлап жатыр.

Шабуыл құрбандары арасында бірнеше мемлекеттің, оның ішінде Ливан, Франция, Израиль және Сауд Арабиясының азаматтары бар.

Шабуыл жауапкершілігін экстремистік "Ислам мемлекеті" тобы мойнына алған. Топ шабуылды "Түркияның Сириядағы әскери іс-қимылдарға киліккеніне кек алу" деп мәлімдеген.