Путинцева Australian Open жарысын жеңіспен бастады

Юлия Путинцева.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open жарысының екінші айналымына шықты. Путинцева (әлемдік рейтингте 34-орында) алғашқы айналымда испаниялық Лара Арруабарренамен (64) кездесіп, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Енді ол латвиялық Елена Остапенкомен (38) кездеседі.

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Михаил Кукушкин (97) бірінші айналымда әлемдік рейтингте 108-орында тұрған Фрэнсис Тиафодан (АҚШ) 1:6, 7:6, 3:6, 2:6 есебімен жеңілді.

16 қаңтарда қазақстандық Александр Бублик екінші айналымға шыққан. Ал Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева жекелей сындағы жарыстарын аяқтаған.

Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Australian Open 26 қаңтарда аяқталады.