Әмин Елеусіновті полиция ұстап әкетті

Your browser doesn’t support HTML5

Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (OCC) компаниясы кәсіподағы лидері Әмин Елеусіновті қаңтардың 20-сы күні Ақтаудағы үйінің жанынан полиция ұстап, күштеп көлікке салып алып кеткен. Азаттыққа оқырман жолдаған әуесқой видеода тәуелсіз кәсіподақ лидерін полицияның ұстаған сәті көрінеді. Қаңтардың 21-і күні билік Елеусінов пен OCC компаниясы кәсіподағы еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевты Ақтаудан Астанаға жеткізіп, екі айға тұтқындағаны мәлім болды.