Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада БҰҰ-ның Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен кездесіп, Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі кздесуді талқылады.
Сириядағы оппозицияшыл топтардың өкілдері де қатысатын келіссөз ертең түстен кейін аяқталады. Кездесуге Ресей, Иран, Түркия және БҰҰ өкілдері де қатысады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев кездесуде Астананың келіссөз өткізуге дайын екенін, оған қатысатындардың барлығына бірдей жасалғанын айтты.
"Мен Ресей, Түркия және Иран президенттерінің келіссөзді Астанада өткізу туралы ұсынысын қабылдадым. Біз бұл кездесудің сәтті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатындардың барлығымен бірдей сенімді қарым-қатынас ұстанатындықтан, дұрыс келіссөз жүргізудің барлық жағдайы жасалады деп ойлаймын" деді Назарбаев.
Кездесу соңында тараптар Сириядағы қақтығысты оданарғы бейбіт реттеу шаралары жөнінде пікір алмасты. Стаффан де Мистура Назарбаевқа Астанада келіссөз өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.