29 қаңтар кешкісін Алматыда 28-қысқы универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Шараны "Алматы арена" спорт кешенінен 12 мың адам тамашалады.
Ашылу салтанаты қазақ көшімен басталды. Одан кейін жарысқа қатысатын 57 елдің спортшыларының шеруі өтті. Шеруден соң Қазақстанның ежелгі және қазіргі тарихына арналған қойылымдар қойылды. Одан әрі шара "көп ұлтты Қазақстан", "Жастық-Өмір-Бостандық", "Энергия: Жер-Су-От-Жел" тақырыптары бойынша шоу бағдарламамен жалғасты.
Ашылу салтанатының соңында спортшылар атынан қазақстандық Айза Мамбеков ант қабылдады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, жарысты ресми түрде басталғанын мәлімдеді.
Универсиада ұйымдастыру комитетінің дерегінше, шараға мың жарым артист қатысқан және қазақстандық режиссерлер ұйымдастырған.