Әзербайжан қауіпсіздік күштері елде террористік топтың күдікті төрт мүшесінің көзін жойды деп хабарлады Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚК).
Арнайы қызметтің мәлімдеуінше, күдіктілер 31 қаңтарда өткен арнайы операция барысында көзі жойылған. Операция күдіктілер қауіпсіздік күштеріне оқ атқан соң басталған. Бесінші күдікті қамауға алынған.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің ақпаратына қарағанда, күдіктілер әлдебір шетелдік діни топпен байланыста болған және Әзербайжан территориясында терактілер жасауды жоспарлаған. Арнайы операцияның нақты қайда өткені айтылмайды.